Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 
26.05.2017 19:32

Қадірлі жамағат! Құрметті ағайын, бауырлар!

Бар мұсылман үшін  қасиетті, берекеге толы, жыл он екі айдың ұлысы, сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі.

Баршаларыңызды қасиетті Ораза айы мейрамымен құттықтаймын. Маусымның аптаған ыстығына қарамай, төзімділік танытып, аса сабырлықпен Рамазан айын жақсы ниетпен, оразаны жақсы тілекпен өткізейін деп отырған жерлестерімізге Алланың нұры жаусын!

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» деген ұлағатты сөзін ескерсек, бұл біздің одан әрі ауызбіршілікте болуымызды талап етеді.

Сондықтан, қазіргі уақыттағы басты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салтымызды шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылыққа, рухани бірлікке баулу. Еліміздегі сан алуан ұлт өкілдері ұйымшылдықпен тату-тәтті тұрып жатса, осындай дін өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Бүгінгі мемлекетіміздің бастыда, ұлы мұраты – осы барша Қазақстан халқын береке-бірлікке, тату тірлікке жетелеу.

 Қадірлі қауым!  

Жаратқаннан тілеген дұғаларыңыз қабыл, ынтымақ пен береке бастауы болған мұраттарыңыз асыл болсын! Жүректеріңізге иман шуағы ұялай берсін! Баршаңызға денсаулық және береке-бірлік тілеймін! тті Ораза айт мерекесі әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен мол игілік әкелсін.

Әр отбасында амандық, ынтымақ болсын. Келесі Ораза айтқа аман-есен жете берейік!

 
 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.