Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 

Құрметті қапшағайлықтар мен өңір тұрғындары!

Келе жатқан жаңа, 2017 жылдарыңызбен құттықтаймын!

Жаңа жыл-өткеніңе есеп беретін, келешегіңді болжайтын, болашаққа мол сенім мен үміт артатын ерекше мереке. Жыл сайын біз осы мерекені аса бір толғаныспен қарсы алып, ертеңгі күнімізге батыл жоспарлар мен армандар құрамыз.

 

Тарих қойнауына өтіп бара жатқан жыл республика жұртшылығы сияқты қапшағайлықтар мен өңір халқы үшін ерекше табысқа мол жыл болғаны анық.

Бүгінгі Қапшағай-динамикалық өсіп келе жатқан, бейбітсүйгіш, келісім мен жасампаздықтың көрінісі болар қала. Біздің қол жеткен табысымыз-ең алдымен қапшағайлықтардың қажырлы еңбегі арқасында туған қаламызды жан-жақты дамытуға ұмтылыс жасауымыздың нәтижесі.

Келер жылдан күтер үмітіміз өте көп. Осы жылдар ішінде қол жеткен жетістіктеріміз келесі шығатын биіктерімізге негіз болсын. Келетін жыл еліміздің, облысымыздың, қаламыздың, әр жанұямыздың жарқын болашағына қызмет етсін.

Жаңа, 2017 жыл біздің үмітімізді ақтап, әрқайсымыздың алға қойған жоспарларымыздың орындалуына сәттілік әкелсін. Сіздердің әрқайсыларыңызға  жақсылық, бақыт, мықты денсаулық тілеймін. Еңбекте, жеке өмірлеріңізде табыстар болсын. Келер жыл біз үшін ерекше  жыл боларына үміттенейік.

 

Қапшағай қаласының әкімі       Т.ҚАЙНАРБЕКОВ

 
 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.