Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 

Құрметті қапшағайлықтар

Қадірлі жерлестер!

Қазақстан халқы үшін мерекелердің сұлтаны-Тәуелсіздік күні! Сіздерді еліміздің ең үлкен, ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

 

Кешегі ата-баба аңсаған Тәуелсіздік ұғымын, оның бағасын бүгінгі ұрпақ жете түсінері анық. Бақытты өмір мен тәуелсіздікті армандап, оған қол жеткізу жолында қан мен тер төккен қаншама халықты тарихтан білеміз. Мұндай жағдайды біздің ұлттың да басынан өткізгені кешегі тарихтан белгілі.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық.

Осы егемендігіміздің арқасында Қазақстан халықаралық деңгейде  зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы- бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астана қаласында өткізілуі. Бұл Қазақстанның экономикалық қуатын жаһандық танудың айқын көрінісі екені сөзсіз.

Желтоқсанмен бірге келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз.

Біз- келешегімізге үмітпен қарайтын, өткенімізден өнеге алатын халықпыз. Мәңгілік ел болуға қадам басқан тәуелсіз еліміз гүлдене берсін. Әр шаңыраққа бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Ұлы Дала елінің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!

 
 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.