Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 
29.11.2016 17:10

Құрметті қапшағайлықтар!

Ардақтыағайын!

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тағы бір ерекше мерекені атап өту дәстүрі қалыптасты.

Ол–1 желтоқсанҚазақстанРеспубликасыныңТұңғышПрезидентікүні! Сіздерді осынау айтулы күнмен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

 

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, өз тағдырын Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Тарих беттерінде Отаны үшін елінің іргесін нықтап, берекесін арттырып, өз ғұмырын ел ертеңіне арнаған жанашыр азаматтар мәңгі есте қалатыны белгілі. Бұл ретте, Қазақстанның өркениет көшіндегі орнын айқындап берген Елбасымыздың үлесі шексіз.

Ең бастысы, осы 25 жыл ішінде ешкімге жалтақтамай, өз шамасын өзі бағалайтын ұлттық мемлекет қалыптасты. Ол әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі екені баршамызға анық.

Құрметті қала тұрғындары!

Елбасы өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында қазіргі таңда жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында елдің дамуын қалыпты жағдайда сақтап, жаңа реформаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын.

«Бастан өткерген қиындықтарымыздан үлгі, өнеге, сабақ ала отырып, біз елімізді жарқын болашаққа жетелеуіміз қажет. Соңғы кездері әлемде көрініс беріп жатқан экономикалық дағдарыстардан Тәуелсіз Қазақстанның керегесін құлатып алмай алып шығуымыз керек. Ол үшін ең алдымен өз ішіміздегі ауызбіршілігімізді сақтай отырып, ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет», -деді ұлт көшбасшысы.

Қадірменді қапшағайлықтар!

Ел Президентінің алға қойған жоспарларын, тапсырмаларын жүзеге асыру үшін халықтың қолдауы, белсенділігі ауадай қажет. Олай болса, Қапшағай қаласының  тұрғындары ретінде Сіздер де қаламызды дамыту мен көркейту  жолында өз үлестеріңізді қосады деген сенімдемін.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. 

 
 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.