Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 
31.10.2016 16:59

 

Қапшағай қаласы әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің өңір тұрғындарымен есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы

 МӘЛІМЕТ

 

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 615

Жарлығына сәйкес және бекітілген кестеге орай, 2016 жылдың қаңтар айында 12 есеп беру кездесулері өткізілді, оның ішінде: қала әкімінің 5, ауылдық округтер әкімдерінің 7 есеп беру кездесулері болды. Оған 2166 адам қатысты,  сөз сөйлегендер-51, оның ішінде: 23 -зейнеткер, 14- қызметші,   1-кәсіпкер,  13-өзін өзі қамтамасыз етушілер.

Қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 11 ұсыныстар түсті. (2015 жылы-13). 1-жол жөндеу мәселесі, 2-білім нысандарының құрылысы және жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі, 8-абаттандыру және санитарлық тазалық жөнінде.

Есеп беру кездесулерін өткізу қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді және ол жергілікті «Нұрлы өлке» газетінде және Қапшағай қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына  ағымдағы жылға, қала әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтылған 7 ұсыныс енгізілді.

Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша, есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған 7 ұсыныстың орындалу мерзімі 2,3 және 4 тоқсандарда жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінгі күнге қала әкімдігінің жауапты орындаушылары және қалалық мекемелер тарапынан айтарлықтай істер атқарылып жатыр.

Иесіз иттерді аулау мәселесі жөнінде, тиісті бағдарлама шеңберінде жұмыстар ақпан айында басталды, ұсталып жойылған иттердің саны аумақ бойынша 1200. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл аяғына дейін жалғастырылады.         

«Восточный» шағынауданының көше жарықтандыруы бойынша, «Восточный» шағынауданының Капшагайская, Шенгельдинская, Қыз Жібек, Ақжол көшелеріне жасалып, ағымдағы  жылдың наурызында қолданысқа берілді.

19-20 шағын аудандарының көшелерін жарықтандыру бойынша, Вивальди, Алмагүл, Весенняя, Ботагөз көшелеріне жұмыстар жасалып, 2016 жылдың  тамызында пайдалануға берілді.

         «2020 жылға дейін аймақты дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Заречное ауылының топтық су жүйесіне жөндеу жүргізу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар шілде айында басталып, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды.

Алматы обласының Ақөзек  селосында 120 орындық орта мектебінің  құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары аякталған. 

Жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамаға өткізу үшін дайындалды, аяқталу мерзімі – 2016 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

         «Гүлдер» бала бақшасының күрделі жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

Қаладағы автомобильді жолдарға жөндеу жүргізу  мәселесі бойынша- «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың  қараша айына жоспарланып отыр.

Ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулерінің қортындысы бойынша іс-шаралар жоспарына абаттандыру және санитарлық  жағдайы  жөнінде 4 ұсыныстар енгізілді. Заречный ауылдық округі бойынша – 2, жоспар бойынша орындалу мерзімі  2 және 4 тоқсан, Шеңгелді ауылдық округі бойынша – 2, жоспар бойынша орындалу мерзімі  2 және 3 тоқсан.

Заречный ауылындағы иесіз иттерді аулау мәселесі жөнінде жұмыстар жүргізілуде, жалпы округ бойынша ұсталған иттердің саны 51. Аталған шараны жүзеге асыру мақсатында арнайы бригада құрылған.

Заречный ауылы, Дзержинский көшесі № 18 мекен жайда жинақталып тұрған өртенген үйдің қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізілді. Өрттен кейін қалған құрылыс қалдықтарын ағымдағы жылдың наурыз айында «Сенім Қапшағай» ЖК толығымен шығарған.

Ақөзек ауылындағы иесіз иттерді аулау мәселесі жөнінде жұмыстар жүргізілуде, жалпы округ бойынша ұсталған иттердің саны 160. Аталған шараны жүзеге асыру мақсатында арнайы бригада құрылған.

Кербұлақ ауылындағы көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айында толығымен аяқталды.

  Қала әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің өңір тұрғындарымен есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар бақылауда.

  Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-

  инспекторлық бөлімі

 
 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.