Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 
Әр түрлі

Негiзгi

 

Сұрақтар 

 
#6 Смайлова УлжанСмайлова Улжан 18.05.2017 18:18

Салеметсизбе Аким мырза сізге коятын сурагым осы Капшагай каласында халык отте аз мен айтайын дегенім бос улкен гимараттар коп неге соны жазтарга арзан багамен беріп тастамайсыздар жас семьялар оздери ишин істеп жан жакта жиналып жане де халыкта кобейетин еди бостан бос тур гой канша жылдан бері осы сурагыма жауап бере аласыз ба ?


У. Смайловаға
Қапшағай қаласы,



Сіздің 2017 жылдың 28 сәуірдегі № С-43-б/а қала әкімінің блогына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып төмендегіні хабарлаймыз:
Қазіргі таңда Қапшағай қаласы бойынша бірқатар құрылысы аяқталмаған және бос қаңырап тұрған ғимараттар бар, нысандарының тағайындауы- тұрғын үйлер мен жатақханалар.
Аталған нысандар бойынша мониторинг жүргізіліп арнайы реестрға еңгізілген. Қазіргі таңда жеке меншік иелері нысандардың құрылысын аяқтауға және пайдалануға беруге мүмкіншіліктері жоқ.
Осыған орай қазіргі уақытта құрылысы аяқталмаған және бос қаңырап тұрған нысандарды коммуналдық меншікке сатып алу сұрақтары қарастырылуда. Коммуналдық меншікке сатып алынған кейін аталған нысандардың құрылысына бюджет қаражатынан аяқтау мүмкіндігі болады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес нысандарының құрылысы аяқталған кейін тұруға жағдайы төмен болу аз қамтылған отбасылар мен басқа да санаттағы адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соңдай-ақ, Қапшағай қаласы бойынша мақсаттық тағайындауы жатақхана болатын нысандарды сатып алу мәселесі қарастырылып отыр.
Соңымен қатар, назарларыңызға хатарлаймыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағы 14-бабына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігін е) өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымдануыңызға құқығыңыз бар.
 
 
#5 Серебрянская 13Мокин Сергей Николаевич 29.12.2016 16:47
Құрметті Талғат Қанатұлы! Мен, Мокин Сергей Николаевич, Алтынсарин атындағы № 1 орта мектептің ата-аналар комитетінің уәкілімін, 3 В сыныптың ата-аналары атынан біздің мектепке жасалған жұмыс үшін алғыс айтқымыз келеді. Мектебіміздің ғимараты ескі болғанымен, бұл мектеп Қапшағай қаласында ең бірінші болып салынған. Былтырғы жылы біздің мектебіміз орталық жылу жүйесіне қосылды, биылғы жылы дәретханаларды жөндеп бердіңіздер, біздің мектеп қаладағы ең жылы мектеп. Бұл жұмыстың нәтижелі болу үшін үлестерін қосқан қала әкімінің орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіров және қалалық білім бөлімінің басшысы Ешімова Раиса Советқызы деп білеміз. Мектеп директоры Шайгузова Руфина Каркенқызына және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.
 
 
#4 2 13 39Масимбаева Лаура 14.07.2016 15:15
Неге масага карсы дарилеу жургизилмейди. Далага шыга алмай калдык. Жас балаларга типтен обал. Маса шаккан сон ауырып жатыр.

Қапшағай қаласының 2 ш/а,
13 үй, №39 пәтер тұрғыны
Л.Масимбаеваға


Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған қала аумағында масаға қарсы заласыздандыру жұмыстары туралы өтінішке хабарлаймыз:
Ағымдағы жылдың маусым айының 6-7 күндері қалалық көлшіктерді, 15-16 күндері қала аумағы және жасыл алқаптарды жәндіктер мен масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жасалынғанын хабарлаймыз.


Қала әкімінің орынбасары І.Сүгіров
 
 
#3 Лайық орынын тапсаМахметжанова Сайраш Абдыкенқызы 21.06.2016 16:29
Сәлеметсіз бе құрметті Сатжан Манасұлы! Менің бұл жөнінде сөз қозгауым дұрыс па,қате ме білмеймін. Айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ өз көңіліме жақпай жүр. Сол себепте көкейімді мазалаган ойды сіздермен бөліскім келді.
Сәкен Сейфуллин ескерткішінің ойынхана алдында тұғаны сол тұстан өткен сайын "мен неге мұнда тұрмын..." деп ескерткендей көрінеді. Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптаған шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үш бәйтеректің бірі туған елі үшін еңбек еткен, сол еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзентінің ескерткішін орынын өзіне лайық деп тапқан орынға неге ауыстырмасқа.

Маметжанова Сайраш Абдыкенқызына

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 38-бабына сәйкес:
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріні ң орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі. –делінген. Сәйкен Сейфуллин ескерткішінің орналасқан жері С.Сейфуллин көшесінің бастауы, және орналасқан жері оған келушілерге өте тиімді. Заңда көрсетілген талаптарды ескере келе, қазіргі кезде ескерткіштің орынын ауыстыру жөнінде жұмыстар жүргізу негізсіз екендігін хабарлайыз.
 
 
#2 Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылы.Ордабаев Нурхан 25.11.2013 15:59
Саламатсызба әкім мырза?! Менін қоятын сұрағым, неге әкімшілікте туризм бөлімі жоқ?Қапшағай туризмді дамыту мүмкіндігі бар қала емес пе? Қазір туризм саласын қандай бөлім қарастырады? Осы сұраққа жауап алсам деп едім.Рахмет!

Н.Ордабаевқа


Туризм бөлімінің ашылуы бойынша мәселе қарастырылуда. Кәзіргі танда туризм саласын «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі айналысады.

Қала әкімінің орынбасары Е. Сергебаев
 
 
#1 ШенгелдыЕраман Куралбаев 18.09.2012 16:43
Ассалаумағалейк ум Наурызбай Асанбайұлы! Біз Шенгелды ауылының турғындары былтыр ауылдың шығыс жағынан 10 соттық мөлшерінде жерлер алуға құжаттар жасаған болатынбыз, бірақ біршама қаржы жумсалып, мемлекеттік акті да алғанымызбен жерлерді қайтаруға тура келді. Ол жерлер біздің ауылдың іргесінде болса да, еншісіне жатпайтын болып шықты. Ал содан бері жабылған қазан жабулы болып қалып келеді, осы мәселені қадағалауыңызды сұраймын.
Ераман Құралбаевқа
2012 жылғы 08 мамырдағы қала әкімінің сайтына жолдаған өтінішіңізге:
Қазіргі кезде «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Шеңгелді ауылдық аумағында (Шеңгелді ауылының оңтүстік жағында) орналасқан «Фирма Конкорд С» ЖШС-нің, көлемі – 130,0 га жер учаскесін коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қапшағай қаласының қалалық сотына талап дайындалуда. Аталған жер учаскесі коммуналдық меншікке қабылданғаннан кейін «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Шеңгелді ауылының бас жоспарына, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, түзету еңгізіледі.


Қала әкімінің орынбасары А. Сейітәшімов
 

Сұрақ қою

Қорғаныстық код
Жаңарту

 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.