Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 

Мемлекеттік органдардың жұмысы

Негiзгi

 

Сұрақтар 

 
#2 қызмет көрсетуБакирбаева Галия Токтасыновна 06.06.2017 18:21
Құрметті Талғат Қанатұлы! Сізді өткен жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Мен Қапшағай қаласының, 3 шағынауданы, 7 үй 36 пәтер тұрғыны болып табыламын. Сізге дейін болған қала әкімі С.Кикимов жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша пәтерді «үй-жайларға (құрылыстар мен ғимарттарға) қызмет көрсету үшін» деп қайта құруға рұқсат берген болатын. Осы берілген қаулымен ары-қарай жұмыс жасауыма «Қапшағай қаласының сәулет және құрылыс бөлімі» рұқсат бермей отыр. Мен жеке кәсіпкерлік іспе н айналысамын (ИП) және, 7 жылдан бері істейтін жұмыс орнымды жалға алып отырмын. Мен – 3 баланың анасымын. Үш баламда Алматы қаласында ақылы бөлімде оқиды. Осы мәселе бойынша көмек беруіңізді сұраймын.


Бакирбаева Г.Т
Bakirbaeva69@ma il.ru



Сіздің, Қапшағай қаласы әкімінің блогына жазған өтінішңізге келесіні хабарлаймыз:
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 15 бабының 1-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалар өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау үшін қажетті ақпаратты сұрануға және алуға құқылы. Осыған орай көрсетілген мәселені шешу мақсатында, «Қапшағай қаласының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-сіне (Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, 102 каб) құжаттарыңызды ұсынуыңызды сұраймыз.
 
 
#1 Алматы қ. Орбита 2/17Данияр ЖК DG Group 17.08.2016 18:09
Ассаляму алейкум Сәтжан Манасұлы!
2015 жылдың желтоқсан айында ЖШС "Акжар снаб строй" компаниясымен Қапшағай қаласының ішкі істер басқармасына қауіпсіздік өткізу пунктісін(КПП)ж асап беруге келісім шартқа отырдық.
2016 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласының ішкі істер басқармасына қауіпсіздік өткізу пунктісін(КПП) келіскен уақытта,келісім шарт бойынша жасап бердік. Бірақ, осы күнге дейін ақшамызды ала алмай отырмыз. Қапшағай қаласының ішкі істер басқармасына барғанда олар бұл іске әкімдік жауапты дейді. Әкімдік тарапынан қандай көмек күте аламыз? ЖШС "Акжар снаб строй" компаниясын жауап тартуға немесе жасап берген қауіпсіздік өткізу пунктісін(КПП) қайтарып алуға болады ма?



ЖК DG GROUPДаниярға
Алматы қаласы, Орбита 2/17
ds.imexpro24@gmail .com



Сіздің қала әкімінің блогына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып төмендегіні хабарлаймыз:
ЖШС «Акжар Снаб Строй» компаниясымен Алматы облысының құрылыс басқармасы мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес келісім шарт жасалған. Тапсырыс беруші аталған құрылыс басқармасы болып табылады. Ал жасалған жұмыстарыңыздың ақшасын өндіру мәселесі бойынша Сізге Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес сотқа талап арыз беруіңіз керек екендігін хабарлаймыз.

Қала әкімінің орынбасары І. Сүгіров
 

Сұрақ қою

Қорғаныстық код
Жаңарту

 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.