Сайттар

Қол жетімді баспана -2020

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Негiзгi

 

Сұрақтар 

 
#3 1-14-46Махметжанова Сайраш Абдыкеновна 02.09.2015 12:11
Уақыт тауып , ой бөлерсіз!?
Сәлеметсіз бе, Сәтжан Манасұлы! Мен алдымен сізден кешірім өтінем айыпқа бұйырмаңыз! Сізді жағымсыз сұрақпен мазалағым келмеп еді. Амалдың қалмағандығынан сіздің сайтыңызға кіріп отырмын.
"Төбеден сорғалаған судан жатарға орын таппай қиналам. Өмірден аз теперіш көрген жоқпыз. Күйеуім өмірден өткелі сегіз жыл, қызым сегіз жасқа келді" - дейді қызым.
Иә, 2014жылы төмендегі шағымданудан кейін ПСКА "Асем"нің жұмысшылары келіп төбеге жөндеу жасағандай, бірақ тура біз, яғни 46-шы бөлменің төбесін әдейілеп тастап кеткен. Бұл кімнің ісі болды екен. Содан бері бұрынғыдан бетер ойылып қалған.
«Тұрғын үй инспекциясы бөлім» ММ-нің бастығы Е. Серікбаевқа ж/е ПСКА «Асем»-нің басшысы Алфероваға төбені жөндеуді сұрап өтінген едік, өтінішіміз қанағаттандырыл май өзгеріссіз қалдырылды.
Төбесі жыртық үйдің кеселінен дүние мүлікті былай қойғанда жаңбырлы күні жатарға орын таппаймыз. Осы жылдың мамыр айында ПСКА басшысына заявка тастаған едік 18-ді жасап жатырмыз, бітісімен сіздің үйді қолға аламыз келесі кезекте тұрсыз деген еді, бірақ әлі қолға алынбады. Кімнен көмек сұрарымды білмей , сізден өтіндім. Жаз болса өтуге жақын, нөсерін сүйреп келетін күздің ауылы таяап қалды , күніміз не болмақ. Бір шешімін табарсыз деген үміттеміз.
Дәрменсіз жандардың осылай күн кешектіні өкінішті-ақ. Жетім жесірлердің күні осылай өтпек пе ?
--- Уақыт тауып , ой бөліскеніңізге үлкен рақмет.
«Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-ның бастығы
Е. Серікбаевқа Председатель ПСКА »Асем» жолдас Н. И. Алфероваға Осы «Қапшағай» қаласының
бірінші ыкшам ауданының
14 үй тұрғындары атынан
Шағымдану хатты
Құрметті ММ – нің бастығы Е.Серікбаев және ПСКА «Асем» председателі Н.И. Алферова сіздерге айтарымыз бірінші ықшам ауданындағы 14үйдің төбесі әлі күнге жөндеу көрмей отырғанның қасы, өйткені күн жабырлы болса төбемізден су сорғалап мазамыз кетеді. Қазақ үйдің шаңырағынан аққан тамшыдай электр шамының түбінен ағады және үй қабырғаларынан да сау тамтық жоқ, тіпті астыңғы қабатқа да өтіп кетіп жатыр. Тұрғындар қашанғы осылай зардап шекпекші. Бұл мәселе жайында сөз қозғағалы алты жеті жылдан асты. Ешқандай нәтиже жоқ.
Бүгінгі күнге дейін онда көрсетілген «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңның бірқатар мәселесі өз деңгейінде орындалмай отырғаны тұрғындар көңіліне қаяу түсіреді. Ол мәселелер 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ауқымды жетілдірудің салалық бағдарламасында егжей-тегжейлі көрсетілген, бірақ кейбір мәселелер шешусіз қалғандай. Қаламызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелері жөнінде жаңғырту Бағдарламасын түсіндіру мақсатында бірлескен семинар-кеңесі жиі өтеді. Семинар кеңесінің басты такырыбының бірі - тұрғын үй мәселесі.
«Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында коммуналдық инфроқұрылымды жақсарту»- делінген. Бұл жақсарту жобасына көп пәтерлі үйлерді толық жөндеу, күрделі жөндеу және шатырларды жөндеу кіргізілген - десекте, жүргізілген іс барысы аздау сияқты.
Біз қашанға дейін байтақ елімізде баспана төбесінен су сорғалаған үйде отырып сумен бірге шіруіміз керек. Осы мәселенің шешуі болар деген ү мітпен өздеріңізге жазып отырмыз.…

14-ші үй тұрғындары;

36,37,38, 41,42, 45, 46, 47, 48-ші


Қапшағай қаласы,
1шағынаудан, 14 үй,
46 пәтер тұрғыны
С.Махмеджановаға



2015 жылғы 03 тамыздығы №М-92-б/а хатқа:
Сіздің үй төбесін жөндеу бойынша хатыңызға келесідей хабарлаймыз:
«Қапшағай қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй испекциясы бөлімі» ММ-сі және «Асем» ПИТК мамандары тарапынан Сіздің мәселенізді қарастыра келе, «Асем» ПИТК ағымдағы айдың 25-не дейін үйдің төбесінің 70 шаршы метріне жөндеу жұмыстары жасалатынғы бойынша келісімге келгенін хабарлаймыз.

Қала әкімінің орынбасары І.Сүгіров
 
 
#2 судын 1 куб 132 т болыпты ендиНуржамал Кулдибаева 22.05.2015 17:33
Саламтсыз ба курмети,Сатжан Манасулы бизде су кубыры болганымен судын 1 куб 132 т болыпты енди солмаселеге келер босак суткамен су акпйтын болды кешеке карай оширип тастайды жазда ортер коп болады биз жакта пожарны часть жок менин озим 1 група инвалидпин осы маселени шеип берсенизs

Шеңгелді ауылының тұрғыны Н. Кулдибаеваға

Сіздің 2015жылдың 25 сәуіріндегі қала әкімінің сайтына жазған хатыңызға төмендегіні хабарлаймыз.
«Қапшағай су құбыры» ШЖҚМКК-ң Шеңгелді филиалының басшысы Б.Чинасиловтың 2015ж 19 .05 жазған хатындағы мәліметі бойынша, Шеңгелді ауылынан 12 шақырымда орналасқан топтық су жүйесі Шеңгелді ауылымен қатар Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарын және демалыс аймағымен балалар сауықтыру лагерін ауыз сумен қамтиды. Шеңгелді ауылындағы су жинақтағыш мұнара 19.00 ге дейін толтырылады, қалған уақытта Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарына жіберіледі. Елді мекендерді сумен қамтитын екі ұңғыманың біреуі ғана жұмыс жасауда, ал екіншісі құмға толып істен шығып қалған.
Судың бағасына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестерді қорғау комитетінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығымен «Қапшағай Су- құбыры» МКК-ның Шеңгелді филиалының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 2015-2019 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайтын хатына байланысты, 2015жылдың 31 наурызындағы №73-НҚ бұйрығына сәйкес 2015жылдың 01 мамырынан бастап 1м3 судың бағасы132,24 теңгені құрайды қосымша 2 бетте.
Өрт сөндіру станциясыны байланысты : Шеңгелді ауылында өрт сөндіру станциясын ашу үшін тиісті ғимарат пен жер телімін заңдастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.


Округ әкімі Е.Қойлыбаев.
 
 
#1 г.Капшагай ул.Соболева 1А кв.5Чалимбетова Эльмира Маратовна 03.10.2014 14:55
Сәлеметсізбе,Сә тжан Манасұлы.Мен Соболев көшесіндегі 1А үйдің 5 пәтерінің тұрғынымын. т.Осы жоғарыдағы мекен жайдағы үйде 1993 жылдан бері жылу жоқ.Орталық жылу системасына қосылуға рұқсат ала алмай жүргенімізге қанша жылдың жүзі болды.Осы үй типтес үйлерге орталық жылу системасы тартылған.Біреу үшін бұл жәй сөз шығар ,бірақ мен үшін,менің көршілерім үшін,бұл жағдай № 1 проблема.Жақында қыс келеді тұрғындар тағы да 40 градустық аязда,суық үйде қыстайды.Бұл жағдай туралы сіздің алдыңыздағы әкімге де жазып едік, бірақ өкінішке орай бізге ешқандай көмек болмады.Барлық тұрғындар электр тогымен жылынады,бірақ ол жылудың көмегі аз,шығыны көп. Үйдің өзі тек қана ағаштан салынғанын ескерсек,өртшығ у қаупі тағы бар.Қаламызға "жаңа"өкімнің келуі қарапайым қала тұрғындарының проблемаларын шешіп береді деген сеніммен қараймыз.Өйткені бұл мәселе біз үшін өте өзекті болып тұр.

Қапшағай қаласы, Соболева
көшесі, № 1А үй, 5 пәтер
тұрғыны Э. Чалимбетоваға




2014 жылдың 15 қыркүйектегі № Ч-91с-хатқа:
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған Өздеріңіз тұратын Соболева көшесі, № 1 А үйді орталық жылу жүйесіне қосылу туралы хатыңызға келесідей хабарлаймыз.
Аталған үйдің мәселесі өткен жылдардан бері белгілі. Үйге келетін ескі құбырлары талапқа сай келмегендіктен, қазіргі таңда жарамсыз. Сіздердің үйлеріңізге жаңадан құбырлар жүргізу қаламыздағы жылу таратушы мекеме «Қапшағайжылу» МКК-ң суық суға және электр қуаты алдындағы қарыздарының көп болуына байланысты, өз қаражаттарына осы жылу маусымына ол үйлерді жылу жүйесіне қосылуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Әкімдік тарапынан облыстық тұрғын үй-коммуналдық басқармасына үстіміздегі жылы келесі жылға қаражат бөлуге қажетті құжаттар тапсырылғанын хабарлаймыз.


Қала әкімінің орынбасары І. Сүгіров
 

Сұрақ қою

Қорғаныстық код
Жаңарту

 

Күннің сұрағы

Как вы относитесь к электронному документообороту?
 
© 2017 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ. Все права защищены.
Все права защищены — 2013 Блог АКИМА города КАПШАГАЙ.